Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:59, 05 Мамыр 2020

Раушан МӘМБЕТҚАЗИЕВА: Экология мәселесі табиғатты қорғаумен ғана шектелмейді

      Бүгінгі таңда Өскеменеліміздегі лас қалалардың көшін бастап тұр. Оның басты себебі – облыс орталығындабірнеше өндіріс орнының шоғырлануы.

Сонау КСРО заманынан бері «Қазцинк» ЖШС,«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ секілдізауыттардың облысқа, ел экономикасына қосатын үлесі ұлан-ғайыр болғанымен,зиянды жақтары да шаш етектен. Аталған өндіріс орындарынан ауаға тарайтын улызаттар қалдығының жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қала экологиясыныңхал-ахуалына кері әсер етуі салдарынан соңғы екі жылда балалар менжасөспірімдер арасында түрлі ауру деңгейінің өсуі 4,5 пайызға, ересектерде 2,2пайызға көбейген. Ауаға шығарылатын зиянды қалдық заттардың ішінде ең жоғарыүлесті – 35 пайызды күкіртті ангидрид, 28,2 пайызды көміртегі тотығы және 10,6пайызды азот тотығы алады. Дәрігерлердің айтуынша, аталған заттар көздіңшырышты қабығы мен жоғары тыныс жолдарының тітіркенуіне, көмірсулар мен белокалмасуының бұзылуына, мидың тотығу үдерісінің нашарлауына, бауыр, көк бауыр,бұлшық ет, тері аурулары мен эндокринді ауруларға әкеп соғады. Осыған орай,бүгінгі күні бұл көкейкесті мәселелерді шешу жолдарын жергілікті әкімдік пеноблыстық табиғатты қорғау департаментіндегі эколог-мамандардан бөлек, осыөңірдегі жоғары оқу орындарындағы ғалымдар да қолға алып, түрлі іс-шаралардыжүзеге асыруда. Солардың бірі – химия ғылымының кандидаты  Раушан Мәмбетқазиева жетекшілік ететінӨскемендегі Қазақстан–Америка еркін университеті ғылым бөлімінің жанынанқұрылған халықаралық экологиялық жоба. Ғалыммен арадағы біздің бүгінгісұхбатымыз да осы тақырып аясында өрбіді.

– Раушан Асанханқызы, білуімше,сіз төл мамандығыңыз бойынша эколог емес, химиксіз. Солай бола тұра,оқытушылықтан бөлек, осыған дейін облыстағы экологиялық ұйымдар қолға алмағанбастаманы жүзеге асыруға бел шеше кірісіпсіз. Бұған түрткі болған ең алдыменжеке азаматтық ұстанымыңыз ба, әлде басқа да себептер бар ма?

– Қазақта «Табиғат – төл бесігің» деген қанатты қағида бар. Бұләрқайсымыздың мекен ететін жеріміздің тауы мен тасын,  жері мен суын, ауасы мен даласын көздіңқарашығындай сақтау қажеттігін тағы бір рет есімізге салып тұрғандай. Иә, ментөл мамандығым бойынша эколог емес, химикпін және әуелден кіндік қаным тамып,туып-өскен жерім де Шығыс Қазақстан облысы емес. Бірақ бұл менің жеке азаматтықұстанымым мен ғалым ретіндегі көзқарасыма еш кедергі бола алмайды. Ал одан дадәлірек айтсам, Кенді Алтай өңірі өндіріс орындары көп шоғырланған аймақболғандықтан, одан ауаға тарайтын улы заттар құрамын анықтап, тәжірибе жасауарқылы оның алдын алу шараларын жүзеге асыру – ең алдымен, химик-мамандардыңүлесіне тиесілі міндеттің бірі. Статистикалық мәліметтер бойынша айтар болсақ,соңғы бес жыл ішінде өңірдегі металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9 есегеартқан. Бұл саладағы жетекші кәсіпорындар – «Қазцинк» ЖШС, «Өскементитан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ. Сала кәсіпорындарыныңшығаратын өнімдері негізінен түсті металдар, оның ішінде қорғасын, мырыш, мыс,тазартылған алтын мен күміс, титан, магний, тантал және АЭС-ке арналғанотындар.

    Әрине, қазіргі нарық заманындааталмыш өндіріс орындарының өнімдеріне деген сұраныс та ауыз толтырыпайтарлықтай екені дау тудырмайды. Бірақ мұның екінші жағы бар. Негізгі мәселе –бұл кәсіпорындардан  ауаға тарайтын улықоспалардың тұрғындар денсаулығына зардабын тигізіп отырғанын айтпағанда,тұтастай өңір экологиясының тепе-теңдігінің бұзылуына, аймақтың флорасы менфаунасының деградацияға ұшырауына себеп болып, Кенді Алтайдың әу бастағы табиғиэкологиялық жүйесінің бұзылуына әсер етуде. Біздің  жоспарымыз аймақ экологиясын жақсарту жолындатүрлі табиғи, экологиялық, химиялық, жағрапиялық негіздегі ғылыми-зерттеу   бағыттарын қолға алып зерттей келе, өңірдегіқоршаған ортаға қолайлы жағдай туғызу. Сол мақсатта біздің Қазақстан–Америкаеркін университетінің ғылым бөліміндегі арнайы зерттеу орталығында  Ресейдегі әріптестерімізбен бірлесіп, бірқатаржобаларды қолға алдық. Мәскеу университетінің жоғарғы аттестациялық комитетініңғылыми хатшысы Ф.И.Лобанов бастаған ғалымдармен арада бірнеше атаулы жобалардыбірлесіп жүзеге асыруға арналған келісімшарттарға қол қойылды. Бұл жоба біздіңжаңа технологияларды меңгеріп, оны барынша ғылыми тұрғыда жарыққа шығаруғабағытталған бірқатар тың жобаларымыздың ішіндегі бірегейі деуге болады.

– Бүгінгі таңда аталмыш жобааясындағы зерттеу жұмыстары неше бағыт бойынша жүргізілуде? 

– Біз 2014 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының экологиясын жақсартубағытында Үлбі металлургия, қорғасын-мырыш зауыты мен Риддер, Алтайқалаларындағы өндіріс орындарымен бірлесіп, бірқатар жобаларды қолға алдық.Нәтижесі де жаман емес. Қоршаған ортаны жақсартып-жаңғырту жолындағы іс-шаралартек ауаны ластайтын токсиндердің қаншалықты адам ағзасына кері әсер ететінқұрам-бөлігін химиялық сынама жасаумен ғана шектелмейді. Жалпы, ауаның ластануымен тұрғындар денсаулығының нашарлауына әсер ететін факторлар көп. Ол – өңірдегіадамдар күнделікті тұтынатын өзен-көлдердегі су көздері, аймақ топырағындаөсіп-өнген, жыл он екі ай бойы сатылымға шығарылатын түрлі жеміс түрлері жәнекүн сайын сандаған автокөліктерден тарайтын улы газдың қала ландшафтынатигізетін кері әсері.

   Осы факторлардың бәрін ескерекеле, біз аталмыш мәселелерді шешу жолындағы жұмыстарымызды ауызсу проблемасынбір тезге түсіруден бастадық. Әсіресе көпқабатты үйде тұратын қала тұрғындарыныңкүнделікті тұтынатын ауызсуының құрамына залалсыздандыру мақсатында қосылатынхлордың да тигізетін әсерін, оның мөлшерінің белгілі бір деңгейден аспауы керегін естен шығармауымызкерек. Соған орай, органикалық химия саласының мамандары, ғалымдар кәрізсуларының проблемасын зерттеу жұмыстарымен айналыстық. Улы қалдықтарға толыөзен-көл сулары мен хлор қоспасы қосылған кәріз суларынан жеке-жеке сынама алаотырып тәжірибеден өткізіп, олардың құрамын анықтадық. Олардың Өскемензауыттарында өңделген заттар қалдығына тәуелді болмай, таза күйінде Ертіскекеліп құйылуын қамтамасыз ететін жолдарын қарастырдық. Яғни өзен арналарындұрыс арнаға бұру, оның құрамындағы улы заттарды химиялық жолдармен тазартумәселелерін зерттеп-зерделедік.

    Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысыаумағының 30 пайызы жынысты орман болса, Қазақстандағы ағаш өңдеу саласының 70 пайызынонда өсетін қарағай, балқарағай, самырсын, шырша, қайың секілді ағаш түрлеріқұрайды. Өңірдегі  мемлекеттік орманқорының жалпы ауданы 3,6 млн гектарды құраса, Кенді Алтайда бүкіл Қазақстанбойынша  ағашты  пайдаланушылық қорының  44 пайызы шоғырланған. Облыстың ормандыалқабы  6,96 пайызды құрайды. Мұның бәрі қомақтыкөрсеткіш болғанымен, соңғы уақытта экологиялық қауіпке орай, аймақтағы жасылжелек қорлары жылдан-жылға азайып келе жатқаны жасырын емес.

     Біздің экологиялық жобамыздыңтағы бір тармағы қаланы көгалдандыруға қатысты. Бұл тұрғыда біздің басшылыққаалған негізгі әдіс-тәсіліміз жаңа технологияға негізделді. Жаңа технологиядегеніміз не? Ол – жергілікті жердегі топырақ қабатын химиялық тазатыңайтқыштармен байыта отырып, мүмкіндігінше таза аумақтарға ағаш егужұмыстары. Бұл істерді бастамас бұрын, біз Ресей, Венгрия, Польша елдерінебарып, ондағы заманауи саябақтардың жұмысымен таныстық. Өзіміз тұратын өлкеніңтабиғатына төзімді ағаштар мен өсімдіктерді өсіру жолдарының технологиясынақатысты тәжірибелерімізді жетілдіруге тырыстық. Мысалы, Тайганың жынысты орманындаөсетін емен ағашының түр-түрі бар. Оны бізде өсіруге келмейді. Сондықтан бізқарапайым өсімдік-шөптер мен бұтақтардан, кәдімгі жапырақты ағаштардан бастап,шыршалар мен қарағайларды, түрлі жеміс беретін ағаштарды отырғызып, олардың солтопыраққа сіңіп, өсіп-өркендеу жолдарын бақыладық. Риддер қаласындағы«Ботаникалық бақ» мекемесімен ортақ мәмілеге келу арқылы ол жерден түрлі ағашкөшеттерін әкеліп ектік.

   2016-17 жылдары екі жыл қатарынанарнайы ағаш отырғызу акциясын өткіздік. Облыс орталығындағы этносаябақта, драматеатрының жанында, қала іргесіндегі «Қазақстан» деп аталатын төбешікте бізбенбірге осы ағаштарды егу жұмысына қала жастары түгел атсалысты. Бұл ағаштарқазіргі уақытта өндірісті өлкенің ауасының тазаруына ықпал етумен бірге,жергілікті тұрғындардың көзін қуантып, қаланың көркіне көрік қосып, Өскеменніңғажайып ландшафын одан ары байыта түспек. Сайып келгенде, бұл жасыл желекөндірісті өлкеге ғұмыр бойы мұра болып қалатын асыл мұра ғана емес, қалатұрғындары үшін, бір жағынан, демалыс аумағы да.

– Сіздердің атаулыжобаларыңыздың тағы бір тармағы экологиялық таза өнімдер – көкөніс пенжеміс-жидектерді жаңа технология бойынша өсіріп жарыққа шығару болса, жыл онекі ай бойы жұмысы тоқтамайтын, залалды қалдық шығаратын өндіріс орындары бар өлкедебұл бастамалар қаншалықты нәтижелі болмақ?

– Қай салада болсын болашағы баянды ғылым бар жерде ешқашан ғалымдардыңізденіс аясы ортаймақ емес. Ауа да, су да, топырақ та, табиғи өсімдіктер деәуелден жаратылыс қойнауындағы күллі тіршілік иелері мен адамзаттың мүддесіүшін жаратылған игілік болатын болса, оны барынша зерттеп-зерделеп,мүмкіндігінше дамытып, оның жақсылығын көру де бүгінгі маман-ғалымдардыңүлесіндегі іс дер едім. Біз де осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, жаңа технологиябойынша ауылшаруашылық өнімдерін өсіру ісін қолға алдық. 2017 жылдан беріорганикалық полимерлі қосылыстарды қолдана отырып, аса ауқымды суды өз бойынасіңіре алатын және соған орай аз мөлшерде энергия жұмсауды қамтамасыз ететін, анағұрлымөнімді  ауылшаруашылық өнімдерін өсірудіқолға алдық.

    Ол үшін біз ең алдымен өскіндердігидрокристалдарда химиялық арнайы әдіс-тәсілдер арқылы өсіріп алып, одан кейінол өскіндерді қара топыраққа отырғызу ісімен айналыстық. Әсіресе осы әдісбойынша атқарған ауқымды жұмыстарымыздың бір парасы баклажан, қырыққабат,қызанақ көкөністерін отырғызуға қатысты. Әлбетте, нәтижесі де көңілімізденшықты. Көкөністер тұқымын облыстағы экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін   өсіруменайналысатын бағбандар мен Алматы қаласындағы жеміс-жидек өсіретін жылыжайларданалдырдық. Қалай десек те, экология мәселесі тек табиғатты қорғаумен ғанашектелмейді. Адам баласы қай жерді мекен етпесін, оның денсаулығының мықты болуынамұрындық болатын факторлар – таза ауа мен ауызсу және экологиялық жағынанағзаға қауіпсіз табиғи тағамдар болып табылады.

– Осы бағыттағы алдағы жоспарларыңызтуралы айта кетсеңіз.

– Әрине, бұл бағыттағы жоспарларымыз жетерлік. Бұрынғыдай көктем сайын қалаішінде ғана емес, облыс орталығына таяу маңдағы елді мекендерге де суыққатөзімді, көпжылдық ағаштар отырғызу ісін жалғастыруды көздеп отырмыз. Осы кезгедейін жылыжайда санаулы ауылшаруашылық өнімдерін отырғызсақ, енді бұдан былайқұрамы шипалы дәрумендерге толы жеміс-жидек пен көкөніс түрлерінөсіріп-баптауды қолға алмақпыз. Мұндай экологиялық таза өнімдер өсіру ісіндеорталығымызға химиктермен қоса, биотехнолог, ботаник, эколог-мамандарды дабарынша тартуға тырысудамыз. Аталмыш жобамыздың өміршеңдігін насихаттаубарысында осы кезге дейін Өскемен, Алматы қалаларында өткен экологиялықмәселелерге қатысты ғылыми конференцияларға қатысып, ғалымдар арасында өзтәжірибемізбен де бөлістік, әлі де бөлісе береміз. Сөз соңында айтарым, ШығысҚазақстан өңірі экологиялық тұрғыда қауіпті аймақ болғандықтан, олпроблемаларды зерттеп-зерделей алуға қабілетті жас ғалымдарды  даярлау күн тәртібіндегі мәселе дер едім.Сондай-ақ мектеп партасынан бастап, жеткіншектерді төл табиғатты қорғап, көздіңқарашығындай сақтауға баулу – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Ал одан данақтырақ айтсам, қоршаған ортаның ауасына дауа болу – әрбір адамның жекеазаматтық парызы.

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Арай САХАРИЕВА 

Тегтер: