Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:15

Райымбек Баталов ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Баталов
Фото: ашық дереккөз

Райымбек Баталов Қазақстан Республикасының Президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұған дейін Райымбек Баталов 2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы қызметін атқарып, ұйым жұмысына жетекшілік еткен.

Райымбек Баталов 1998 жылы Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Баталов ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларда басшылық қызметтер атқарған.

Тегтер: