Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:23, 30 Шілде 2023

Реал Мадрид жолдастық кездесуде Барселонадан ұтылып қалды

None
None

Каталондық «Барселона» АҚШ-тағы маусым алдындағы тур аясында жолдастық кездесуде мадридтік «Реалмен» кездесіп, ойсырата жеңіске жетті.

Каталондық клуб жауапсыз үш гол соқты. Арлингтонда (Техас, АҚШ) өткен кездесуде Усман Дембеле (15-минут), Фермин Лопес (85-минут) және Ферран Торрес (90+1) мергендігімен көзге түсті. Корольдік клуб сапынан Винисиус Джуниор 19-минутта пенальтиді соға алмады. 

Айта кетейік, бұған дейін «Барселона» ағылшынның «Арсенал» клубымен кездесіп 3:5 есебімен ұтылып қалған болатын. Ал, «Реал» «Манчестер Юнайтедпен» ойнап, 2:0 есебімен ұтқан еді.

Тегтер: