Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:15

Референдум кезінде 6 адам учаскеден шығарылған

Референдум
Фото: ЖИ

Қазақстандағы республикалық референдум күні екі талап арыз сотқа жіберілді.

 Бірі – Ақтөбе облысында зағип жандарға арналған бюллетеньдегі брайль қарпінің оқылмауына қатысты, екіншісі – Астанада бақылаушының учаскеден шығарылуына байланысты. Екі іс те сотта қаралып, талап арыздар қайтарылды.

Референдумда 47 мыңнан астам бақылаушы жұмыс істеп, тек 6 адам учаскеден шығарылған. Солардың бірі сотқа жүгінгенімен, сот шешімді заңды деп таныды.

Жалпы 35 өтініш түскен, көбіне Астана мен Алматыдан. Өтініштер дауыс беру тәртібі, учаскені ауыстыру және заң талаптары бойынша болды. Референдум нәтижесінде Конституцияға өзгерістер қабылданды.

Айта кетейік, референдумның қорытынды нәтижелері жарияланды.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға Қазақстанда және шетелде жалпы саны 9 127 192 адам қатысқан. Бұл – сайлаушылардың 73,12%-ын құрайды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша: «Қолдаймын» деп 7 954 667 адам дауыс берген, бұл – 87,15%.