Бүгін, 14:47
«Референдум заңын бұзды» деген айыппен Азаттық тілшісіне айыппұл салынды
17 ақпан күні Алматы әкімшілік соты Азаттық радиосының тілшісі Мақпал Мұқанқызына референдумға қатысты сауалнама жариялағаны үшін 65 000 теңге көлемінде айыппұл салды.
Тілші «Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу» (ҚК 120-бап, 3-бөлік) бойынша жауапқа тартылды.
Әкімшілік іс тілшінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қойған сауалы – «референдумға барасыз ба?» дегені түрткі болған.
Айта кетейік, 2024 жылы АЭС салу жөніндегі референдум алдында сот «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямоваға көшедегі адамдардан пікір сұрағаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған еді.