Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:15

Референдумға қанша қазақстандық қатысты: алдын ала деректер

Сайлау
Фото: из открытых источников

Референдумның Орталық комиссиясы (РОК) жалпыұлттық дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, азаматтардың басым бөлігі талқылауға шығарылған бастаманы қолдаған.

Ведомствоның ақпараты бойынша, дауыс беруге құқығы бар 12 482 613 қазақстандықтың ішінде 9 127 192 адам сайлау учаскелеріне келген. Осылайша референдумдағы қатысу көрсеткіші 73,12 пайызды құрады.

Дауыстар қалай бөлінді?

Алдын ала есеп бойынша, референдумға шығарылған мәселені қолдап дауыс бергендер – 7 954 667 адам.

Пайыздық көрсеткіш бойынша қолдау 87,15 пайызды құрады.

1

Референдум цифрлары

  • Жалпы сайлаушылар саны – 12,4 млн адам;

  • Дауыс бергендер – 9,1 млн адам;

  • Бастаманы қолдағандар – дауыс бергендердің 87,15 пайызы;

  • Қатысу көрсеткіші – 73,12 пайыз.

Еске салайық, заңға сәйкес референдум дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы қатысқан жағдайда өткен болып саналады.

Ал қорытынды нәтижелер аумақтық комиссиялардың барлық түпнұсқа хаттамалары өңделгеннен кейін жарияланады.