Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау қазанда басталады
2023 жылы қазанда Ресей газы Орта Азия-Орталық құбыры арқылы Өзбекстанға тасымалданады.
Бұл туралы Қазақпарат «QazaqGaz» компаниясына сілтеме жасай отырып хабарлады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Centralasian.org-ке сілтеме жсап.
Мәліметке қарағанда, қазір Қазақстан аумағы арқылы өтетін газ құбырын дайындап жатыр.
Өзбекстан үкіметі күз-қыс маусымдарында энергетика дағдарысына тағы ұрынбас үшін Ресейден газ сатып алатын болды. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Ресейден 2 миллиард 800 миллион текше метр газ сатып алынады. Тәулік сайын 9 миллион текше метр газ жеткізіледі. Министрлік мәліметінше, Ресей газы "қажеттілікті ішінара өтейді".
Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мырзамахмұдов бұның алдында Ресейден алынатын газ бағасын айтуға болмайтынын мәлімдеген. Министрдің айтуынша, газ бағасын анықтаған уақытта "ұлт мүддесі мен нарық бағасы ескерілген".