Ресей – өтірікшілер елі. Қазақстанға не жорық?
«Бұл жалғанда өтірік айтуға болмайды» деп, ресейлік атышулы пропагандист-әйел Маргарита Симоньян сөйлеген екен.
Ең алдымен, өзі айнаға қарамай ма, деген екен украин журналисі Виталий Портников.Рас, Симоньянның кәсібі – телевизиялық шоуларда тоқтамай, өтірік соғу. Оның шоуына қатысушылар да Ресейдің шын өмірі ондай емес екенін біле тұра өтірікті бұрқыратады. Оны көретін көрермен де өтірікке ереді. Тіпті, үйіне туған баласының мәйіті келіп жатса да өтірік сөйлеуден тайынбайды.
– Ресейдің билігін басып алғысы келген арнайы қызметтер мен олигархтардың көмегімен президент болған бас өтірікшілері Владимир Путиннің де басты қаруы – өтірік.
Путиннің Украинаға қатысты аузынан шығатынының бәрі өтірік.
Украина Ресейге еш қауіп төндірмеген. Украина бар-жоғы өз жолымен жүрмек болды. Дамудың еуропалық бағытын таңдады.
Мобилизация болмайды деген де Путин еді. Өтірік емей, не бұл?
АҚШ-тағы атақты Гарвард пен Стэнфорд университеттерінің Ресейді зерттеу жөніндегі институтының бас ғылыми кеңесшісі болған марқұм ғалым Ричард Пайпс жазып кеткендей, орыстар кей халықтар сияқты өтірікті белгілі бір мақсатқа жету үшін ойлап таппайды. Олар өтірікті өтірік айту үшін тікелей қолданады.
Рас, жүз өтірікке жамалған мың өтірік ғасырлар бойы Ресей федерациясында, совет одағында, Ресей империясында, Мәскеу патшалығы мен Мәскеу княздігінде кәдімгі тіршіліктің негізгі тактикасы болды. Ғасырлар бойы әбден өтірікшілер еліне айналып кеткен. Ресейде өтірік айтпасаң – өлесің!
Өтірік – орыс өркениетінің мәні. Кешегі Херсон мен Запорожье облыстарында өткен өтірік референдумда пропагандистер дауыс беруге келген князь Потемкинді экраннан көрсетті. Ал Потемкин деген кім еді? II Екатеринаның ойнасы болған. Ол қазіргі Украина жерінде деревнялар салып қойдық дейтін өтірікші еді. «Потемкиннің деревнялары» деген сөз содан шыққан. Сол кезде де империя аннексияланған новороссия жерінде орыстар тұрғысы келмей, қу Потемкин жаңа деревняларда бақытты өмір сүріп жатқан кейіп танытатын актерлерді жалдаған. Патша сол жоқ деревняларды дамытуға ақша бөлген. Ол ақшаны Потемкин өзі иемдеген.
Міне, әлімсақтан солай боп келген. Орыстар өтірігін қойса, өз мемлекеттілігінен айырылады. Олар шыншыл елде тұра алмайды, жүре алмайды, – деген екен журналист.
Жә, Ресей сондай делік. Бірақ бар ғой, Қазақстанға не жоқ? Біз қашан өтіріктен арыламыз? Әлде, алдымен, Ресейдің түзелгенін күтіп отырамыз ба? Бірақ олар ешқашан түзелмейді-ау.
Түбі құйрығы бір-ақ тұтам боп қалатын қу өтірікті біз қойсақ қайтеді, а?!