Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:24, 10 Наурыз 2023

Ресей қазақтың мұнайын да қызғанады!

None
None

«Қазақстанның мұнайы Еуропаға жөнелтіле бастады ма?» деген сауалды Bild басылымы мұнай-газ саласының сарапшысы Михаил Крутихинге қойыпты.

«Қазақтың мұнай әзірге, Еуропаға барған жоқ» депті ол.

– «Транснефть» «Дружба» деген мұнай құбыры жүйесінің солтүстік тармағымен мұнай айдауды доғарды. Соның себебін іздеуге кірісті бәрі. Ал бұл тармақ Беларусь, Польша және Германия арқылы өтеді.

Біріншіден, «Роснефть» Германиядан қуылды. Германиядағы мұнай өңдеу зауыттарына енді «Дружба» арқылы келетін мұнай керек емес.

Екіншіден, сол мұнайдың 8 пайызын тұтынатын Польша Украинаға 4 дана «Леопард» танкін беріп үлгергені бар, «Роснефть» Польшаға мұнай айдауды да тоқтатты. Саяси ғана емес, экономикалық себеп те бар. Ресей қазақстандық мұнайды өз жері арқылы Германия жаққа қарай өткізгісі келмейді. Мұнай айдауды тоқтатуға бұл тағы бір себеп. Қазақстан соңғы жиырма жылдан бері өз мұнайын Латвия мен Литва арқылы экспорттауға тырысып келеді. Бірақ оған Ресей жол бермей келді, Ресей қазақ мұнайының өз территориясы арқылы өтуіне барынша, кедергілер құрып келген. Қазақстанға берген бар рұқсаты сол, тек Украина бағытына қарай мұнай жіберуіне рұқсат берді. Қазір Қазақстан неміс фирмаларымен мұнай жеткізу туралы келісімдерге қол қоя бастады. Әрине, бұған саяси қырсығы ұстаған «Роснефть» өз құбырын тоқтатып тастады, – депті ол.

Тегтер: