Ресейде алғашқы сайлау учаскелері ашылды

08.09.2019, 20:00

289

Бүгін, 8 қыркүйекте Ресейде түрлі деңгейдегі алты мыңнан астам сайлау өтпек. Жаңа губернатор, қалалық мәслихат депутаттары, қала басшыларының есімдері белгілі болады.

Алғашқы сайлау учаскелері 8 қыркүйекте таңертеңгі сағат 8-де Чукоткада ашылған. Бұл аймақта тұрғындар әкімшілік орталық — Анадырь қаласының басшысы мен қалалық парламент депутаттарын сайлайды.

Сайлауалды кезеңде Мәскеуде жаппай наразылық акциялары өтіп, тұрғындар тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына жіберуді талап етті. Шілде айының соңынан бері әр сенбіде өткен акциялар кезінде бірнеше мың адам ұсталды.

Мәскеудегі бейбіт шеру: мыңнан астам адам ұсталды, ондаған шеруші жараланды Фотогалерея

Мәскеудегі бейбіт шеру: мыңнан астам адам ұсталды, ондаған шеруші жараланды

«Коммерсант» басылымының жазуынша, Санкт-Петербург пен Астрахань облысында сайлау күрделі жағдайда өтпек. Мұнда сайлауға тұрғындардың тек 11 пайызы ғана қатысуға ниет білдірген және сәйкесінше кандидаттар саны да аз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37