Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:50, 21 Ақпан 2022

Ресейде өзі білім бар ма, ғылым бар ма?

None
None

      «Рас, КСРО тұсында қазақтың талай ұл-қызы Ресей университеттерін бітірді, ресейлік техникалық ЖОО-ларда кандидаттық атақтарын қорғап шықты.

Олардың аты-жөндерін атап, дәл қазір жазбай-ақ қоялық. Бірақ солар соншалықты жоғары, құнды білімдерді игерген болса, елге оралған соң, неге Қазақстанды дамытпады?». Бұл сауалды Эльнура Абақан есімді журналист қарындасымыз көтерген екен.  

       Рас қой, олар тәуелсіздіктің отыз жылында туған елінде не инженерлік салада, не бір жоғары технологиялар жағынан ілгерілететін бірдеңе неге жасамады? Қайда, Ресейден алған мықты білімдері, ол неге жарамай қалды іс жүзінде? Олардың дардай білімдері шынымен болды екен делік, ендеше, неге біздің елде қолдануға жарамады? Ендеше, дейміз, бүгінгі Ресей Федерациясының биыл ашылған-ашылатын ЖОО-лары түлектерінің білімі Қазақстанда қолданысқа сәтті енеді дегеннің кепілдігі бар ма?

       – Мен негізі Қазақстан жерінде Ресейдің жоғары оқу орындарының ашылуына түк қарсы емеспін. Маған десеңіз, қай оқу орнының мықты екенін нарықтық бәсеке анықтасын, сапасыз ЖОО-лар жабылып, санасыз студенттер оқудан шығарыла берсін, тек елде ең сапалылары қалып, солар жұмыс істесін. Әлгі атақты орыстілді Дудь деген блогердің YouTube-тегі әңгімелерін бақсақ, Ресейдің ең мықты деген техникалық ЖОО-ларының ең дарынды орыс студенттері көбіне АҚШ, Еуропа мен Жапонияның ғылыми орталықтары мен технологиялық озық орындарына кетуге тырысады екен. Өйткені аса сапалы кадрларды қызықтыратын ең бәсекелі деген талаптар соларда деседі.      

Қазақстанның білім министрлігі білсін, қазір дүние қатты өзгерді, ағылшын тілін меңгерген аса жоғары білімді һәм терең білікті сарапшылар үшін ешқандай географиялық шекаралар жоқ бұл әлемде. Орыс тілі тым құнсыз мынау дүниеде, одан бөлек, екі-үш әлемдік тілді білетін жастар бұл заманда дүниежүзінің кез-келген дамыған елінде жұмыс істей алады. Сондықтан тек Ресейдің білімін алған балалар ертең Қазақстаннан тыс әлемдерді бағындырады, қала берді қазақтың тың технологиялық өндірісін дамытады деу бекер!     

   Сосын, тағы бір сұрақ: «Ресейлік ЖОО-ларды бітірген түлектер басқаратын қазақстандық зауыттардың өнімділігі неге тым төмен? Неге технологиялары әлі ескі және кадрлары бәсекеге тым қабілетсіз? Соңғы 10-20 жылда елде жасалған модернизация атаулы дүниенің бәрі неге тек еуропалық, америкалық инвестициялар мен технологиялар есебінен жасалып келгені қалай?», – деген сауал тастаған екен ол.

Тегтер: