Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:34, 08 Қыркүйек 2021

Ресейде қанша қазақ мектебі бар?

None
None

1 миллиондай қазақ тұратын Ресейде қазақша білім беретін бір-ақ мектеп бар. Алтай өлкесінің Құлынды ауданындағы Қаракөл орта мектебі.

Оның өзін Қазақстан жағы қаржыландырады екен. Ресей үкіметі көк тиын да бөлмейді оған. Бізде 3,5 миллион орысқа арнап 1500-дей орыс мектебін ашып тастаппыз. Оған қосымша орысша-қазақша оқытатын 400-дей аралас мектеп тағы бар. Өзбекше оқытатын 58 мектепті, ұйғырдың 18 мектебін, 3 тәжік мектебін, ағылшынша оқытатын 2 мектепті және қосыңыз оған. Қазынаның қаншама ақшасын шығындап, бұлардың бәрін кім үшін, қай елдің болашағы үшін оқытып жатырмыз сонда? Әр қалада бір-бір орыс мектебін қалдырып, қалғанының бәрін қазақ тіліне көшіру керек. Қазақстанда тұрады екен, қазақша оқысын! Я болмаса, 10 жылға дейін барлығына мемлекеттік тілде ғана білім беріп, одан кейін олардың тілін факультатив ретінде ғана оқыта бастау қажет. Ресейде солай істейді екен. Біз ғана көтінен кері кетіп бара жатырмыз. Ал университеттердегі орыс бөлімі деген мүлдем болмауы керек. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деп қақсап жүргеніміз рас болса, орыстілді кадрлардың қажеті қанша? Білім министрлігінің қазіргі істеп жүрген реформасының бәрі далбаса нәрсе. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүргені секілді, ең үлкен проблеманың бәрін былай ысырып қойып, ең жеңілін, онда да оқушының басын қатыратын бастамаларды ғана қолға алып жатыр. Бұның бәрі бүгін болмаса да, ертең бәрібір қолға алынатын реформа. Оны кейінге шегере бергеннен ұтылып, бармақ тістеп қалмасақ кейін, ұтпаймыз ешқашан!

Тегтер: