Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:18, 18 Қазан 2022

Ресейде ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

None
None

Ейскіде Су-34 әскери ұшағы құлап, 9 қабатты ғимарат өртенген апаттан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті.

Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ейск қаласындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазартқаннан кейін ұшақ құлаған жерден қаза тапқандардың мәйіттерін тапты. 18 қазан сағат 06:00-дегі жағдай бойынша апат салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде 3 бала. 19 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды, олардың төртеуі Краснодар облыстық ауруханасында емделіп жатыр, қалғандары Ейскіде емделеді. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. 

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі үш адамның өлімі бірден белгілі болғанын, кейін үй қирандыларының астынан он адамның мәйіті табылғанын айтты.

«Ейскіде іздестіру-құтқару операциясы барысында 68 адам құтқарылды, оның ішінде баспалдақтардың көмегімен 360-тан аса адам эвакуацияланды», — деп түсіндірді департамент өкілі.

Тегтер: