Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:20, 17 Маусым 2022

Ресейден келер қауіп...

None
None

Баяғыда марқұм Әбдікәрім (Әбдімомынов) көкеміз «осы сендердің, «Ресей күйресе екен», «Қытай күйресе екен», деп көп қолпылдайтындарыңды өллә-біллә түсінбеймін.

Қытай мен орыс нәубетке ұшырап, миллиондап бері ағылса, олардың арасынан өздеріңді таппай қалатындарыңды түсінсеңдерші, қасқалар.

«Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш», деген сөз бар, нелерің бар сол екеуінде?» деп кеюші еді.

Бұл сөздің жаны бар, негізі.

Өткен ғасырдың 1950-60 жылдары Қытай басына аштық туып, ішкері Қытайдан аш-жалаңаш босқын қытай Шығыс Түркістанға қаптаса керек. Со кезде бұл уаққа шейін өмірі тірі қытай көрмеген Алтай мен Тарбағатай қазағы ол қытайлардың небір сұмдықтарын көріп, жағаларын ұстасқан екен.

«Бұлар аш қой, көмек берейік», деп жергілікті билік аш қытайға қой-ешкі берсе, қытай ол малды қазақтың итіне айырбастап, итті сойып жейтін көрінеді. Мал сою білмейтін аш қытай қазақ жылқыларын аңша аулап ұстап, байлап қойып, шыңғыртып, санынан ет кесіп жепті. Бұндай естеліктер Қабдеш Жұмаділовтің кітаптарында бар еді. Қабекең, жалпы, сол кезді күшті жазған-тын.

Бұлар алғашқы қытай легі болатын. Сол кезден бері Шығыс Түркістан қытайланып келеді. Қазір ол өңірді толық қытайланды деуге болады.

Қазір бізге Ресейден көптеп ресейліктер көшіп кеп жатыр екен. Бұл босқындардың көпшілігі бұрын Қазақстанда тұрған ресейліктер болуы мүмкін. Себебі, Ресейдің жергілікті орыстары Қазақстанға барар жолды да білмейді. Әлем жұртшылығы Ресейді кәдімгідей қыспаққа алғалы үш-ақ ай өтті. Яғни, бұл әлдебір сұмдықтың басы ғана дейік. Әрі жағдай Ресейде әлі соншалықты тым нашар емес-ті. Соның өзінде сонша көшкін келсе… Үш жылдан кейін не болады екен, соны кім біледі?

Ресейде 110 миллион ресейлік орыс тұрады, (жалпы саны 145 млн). Соның 1-2 миллионы ғана интернет аңсап, заманауи кинотеатр сағынып, мак доналдс қалап, иномарка мәшинеге құштар болып, бір сөзбен айтқанда, батыс өнімдеріне сұрау салып, Грузия немесе Қырғызстан сынды 4-5 миллиондық мемлекеттерге көшетін болса, онда мұнша орыстың саны бұл мемлекеттер үшін кәдімгідей, олардың ұлттық қауіпсіздіктеріне нұқсан келтіретін болады.

Бізде де сондай жағдай орын алмақ. Соңғы кезде елде қазақ көбейіп, тіл арнасы кеңейіп келе жатқанда, бұндай көшкін қазақшылыққа үлкен соққы берейін деп тұр. Бұл кезде біздің әлгі орыс мектебін ашқызуды талап етіп жүрген өз тобырымыз да құтырады. Тілдес бауырлары көбейеді.

Қазақшылық аяғына тұра бастап, қазақ саны енді көбейді ме деп жүрген мемлекетте қайтадан «көпұлтты мемлекетпіз, орысша сөйлеуіміз керек» деп ана тілін үйренбеудің сан сылтауын айтып жүргендердің де, ішкі саясатын соған ыңғайлап жүрген біздің идеологсымақтардың да айы оңынан туады бұл кезде.

Әрі бұл ресейліктер де жергілікті тілді сыйлап, жергілікті заңды мойындайтын халықтар қатарынан емес, оны күллі әлем біледі.

Нью-Йорк қаласында Брайтон Бич деген орыс этникалық ауданы бар. Сол ауданда жүз мыңдаған орыс пәлен жыл тұрады. Солардың арасында өздері Америкада 30 жыл тұрса да әлі күнге шейін ағылшынша білмейтін орыс көп. Тіпті, Американың өзінде солай екен.

Тағы бір жайт. Мен соңғы кезде біздің қоғамда «ресейдің капиталын бізге тартуымыз керек», деп жүрген экономистерді де байқап қаламын.

«Ресейліктер бізге келе берсін, бізге тек олардың байлары кеп жатыр», деп жүр екен тағы біздің горе экономист мырқымбайлар.

«Ойын білмес бала шешесінің артын түртіп ойнар», деген бар...

Әлбетте, бастапқы кезде Ресейден оның қашқын байлары келеді, одан соң, ар жақта жағдай нашарлағанда, кедейі де келеді. Бұл бір.

Ресейдің үлкен капиталы келген соң, оның артынан мында оның ФСБ сынды өз тіміскі ұйымдары келеді. Тағы өз қарақол криминалы да келеді.

Бір сөзбен айтқанда, орыс өз ақшасын өзі күзетеді.

Одан соң, бұлар біздің жергілікті билікпен танауының үстінен қарай отырып сөйлеседі, яғни, «через Мәскеу» сөйлеседі.

Бұл Ресейдің Иран мен Солтүстік Корея қалпына көшкенде, болатын жағдай. Ал Ресей ашығып, зорығып, шалдығып біржола күйресе ше?

Онда жағдай одан да күрделі болмақ...

Бұндай жағдайда 145 миллион ресейлік аспанға ұшып кетпейді, әрине.

Және қандай 145 миллион дейсіз ғой. Көздері ақиланып, әбден зомбиланған дүлей күш. Оның да кесірін де, зардабын да тағы да біз, көршілері көреміз.

Қысқасы, қазіргі әлем жұртшылығы алда бір сұмдықтың боларын сезбей отырғандай. Бұл Ресейдің мемлекет ретінде тұтас тұрғандығы да, оның күйрегендігі де әлемдік қауымдастық үшін үлкен проблема болмақ.

Осы Ресей империясы 1917 жылы құлдырап, шашылып қалған болатын.

Со кезде Колчак, Анненков, Деникин, Юденич деген бір-бірін мойындамайтын өңшең қиқым бас-басына өкімет құрып, бір-бірімен пышақтасып, қандары судай аққан болатын.

Солардың қазақ даласына жеткендері біраз қазақ ауылдарын қанға бөккен еді. Империя деген әдетте, солай бұлқынып, айналасын қанға бөгіп қана жан тапсырады.

Югославия да бір кезде өз өлімінің алды

Тегтер: