Ресей армиясына алдап алынған үндістан азаматы соғыста қаза тапты
Ресей армиясына алдау арқылы алынған үндістандық азамат Украинадағы соғыста қаза тапты. Бұл туралы BBC хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, бұл соңғы уақытта Ресей-Украина соғысында қаза тапқан бесінші Үндістан азаматы.
22 жастағы Рави Мун қаңтар айында жеке жұмыспен қамту агенті көлік саласында жұмысқа орналасуға уәде бергеннен кейін Ресейге барған. Бірақ сол жерде қару қолдануға үйретіліп, наурыз айында майданға жіберілді.
«Онымен байланыс үзілгеннен кейін мен Мәскеудегі Үндістан елшілігіне хабарластым, онда бізге ағамның қайтыс болғаны туралы хабарланды», - деді Аджай.
Елшілік отбасынан Мунның денесін анықтау үшін ДНҚ үлгілерін жіберуді сұрағанын айтты.
Туыстары да мәйітті отанына қайтару үшін Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің кеңсесінен көмек сұраған.
Өткен аптада Үндістан Сыртқы істер министрлігі үкімет Ресей армиясында соғысып жатқан 50-ге жуық үндістан азаматын елге қайтару үшін Ресей билігімен жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады.
Шілде айының басында Ресей билігі соғысқа алынып, сонда қаза тапқан Үндістан азаматтарының отбасыларына өтемақы төлей бастағаны белгілі болды.
Моди бұл мәселені Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде көтерді.