Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:15

Ресей әскері Днепропетровск облысына белсенді шабуылдауының себебі неде?

украина
Фото: Getty Images

Қыркүйек айында Ресей армиясы Днепропетровск пен Донецк облыстары шекарасында алға жылжып, жаңа аумақтарды бақылауға алғаны туралы жиі хабарлап жатыр. Мәскеу бірнеше ауылдың қолға өткенін айтса, Киев бұл мәліметтерді жоққа шығарып отыр.

ВВС-дің жазуынша, жаздың басында ресейлік әскерилер Днепропетровск облысына кіргенін жариялаған. Бастапқыда Украина Бас штабы мұны жоққа шығарғанымен, тамыздың соңында аймақтағы ұрыстар Днепропетровск облысы аумағына ойысқанын мойындады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің деректеріне сенсек, қыркүйек айында кемінде 14 ауылды (оның ішінде Дачное, Малиевка, Сичневое, Березово, Новониколаевка сияқты елді мекендер) өз бақылауына алған. Алайда олардың бірқатары үшін әлі де қақтығыстар жүріп жатыр, толық бақылау орнамаған.

Сарапшылардың айтуынша, Ресей бұл бағытта үш түрлі мақсат көздеп отыр:

  • Логистикаға қысым жасау. Новопавловка, Великомихайловка және Успеновка маңындағы жолдар арқылы Украина әскерінің жабдықтау желілерін үзу.

  • Украина қорғанысын әлсірету. Бұл өңірге қысым көрсету арқылы Киевтің басқа бағыттарға (мысалы, Донецк маңына) қосымша әскер жіберуіне жол бермеу.

  • Саяси әсер. Мәскеу басып алған аумақтарды «қорғау» деген сылтаумен өз пайдасына пайдалануы мүмкін.

Ресей әскері көбіне шағын топтармен Украина позицияларын айналып өтіп, инфильтрация әдісін қолдануда. Олар пропагандалық бейнеролик түсіру үшін кей ауылдарға уақытша кіреді.

Украина әскерилері мұндай топтарға қарсы дрондар мен артиллерияны қолданып, қарсы шабуылдар жүргізеді. Әскери сарапшылардың айтуынша, Ресей бұл учаскеде адам күші мен техника жағынан басымдыққа ие. Бір украиналық батальонға 3-4 ресейлік батальоннан келетін жағдай жиі кездеседі.

Егер Ресей әскерлері Успеновка маңына орнығып, Гуляйполеге баратын жолға бақылау орнатса, Украина әскерінің логистикасына қатты соққы тиеді. Бұл өз кезегінде Запорожье бағытындағы қорғанысқа қауіп төндіруі мүмкін.

Қазіргі таңда Украина қарулы күштері «белсенді қорғаныс» тактикасын қолданып отыр: тек шепті ұстап тұру емес, сонымен бірге қарсы соққылар, маневрлер және дрондар арқылы жауды әлсірету шараларын іске асырып жатыр.

Тегтер: