Ресей әскері Ливияда жаңа база құруы мүмкін

Ресей әскері мен техникасын Сирия базаларынан Ливияға тасымалдай бастады.
Соңғы айларда Сирия мен Ливияның Бенгази қаласы арасындағы ұшақтар Башар Асад армиясының офицерлерін Ливияға тасымалдау үшін пайдаланатын сириялық жекеменшік Cham Wings әуе компаниясының рейстері жиілеп кетті. Француз Le Monde басылымы бұған назар аударды.
2024 жылдың 8 желтоқсанынан кейін Сирияда Кремльшіл Башар Асад режимі құлағаннан кейін Ресей Сирия базаларынан Ливияға әскері мен техникасын тасымалдай бастады. Атап айтқанда, көлік Ливияның оңтүстік-шығысына, Киренаика және Физзан аймақтарына бағыт алған. Бұл аумақтар 81 жастағы маршал Халифа Хафтар мен оның ұлдарының бақылауында.
Бұған дейін Асад пен Хафтардың ортақ іскерлік мүдделері бар деген ақпарат тараған болатын. Осындай ортақ пайда қатарында Таяу Шығыста кең таралған каптогон есірткісінің саудасы болды.
Le Monde ресейлік әскерлердің елдің оңтүстік-шығысында, Чад және Судан шекарасына жақын жерде бұрын қараусыз қалған Маатен-эс-Сарра аэродромын қалпына келтіріп жатқанына назар аударады. Осыған байланысты авторлар Ресейдің Ливияда 2010-шы жылдары тірек болғанын атап өтеді. Енді журналистердің болжауынша, Ресей әскерилері Таяу Шығыстағы өздерінің негізгі базасын Ливияда құра бастады.
«French Radio Internationale» дипломатиялық ортадағы дереккөзге сілтеме жасаған Le Monde басылымына сілтеме жасап: «2024 жылдың 8 желтоқсанынан бастап Ил жүк ұшақтары Әл-Хадим (Бенгазидің шығысы) және Әл-Джуфра (Сирттен оңтүстікке қарай 350 км) базаларына тұрақты ұшады. Рейстер орта есеппен аптасына төрт рет орындалады».
Мәселен, қаңтардың 25-і күні Беларусьте тіркелген Ил-76 ұшағы Минскіден ұшып, оңтүстікке бет алды. Le Monde журналистері оның транспондері Бенгази аймағында сигнал беруді тоқтатқанша Flightradar24 веб-сайтындағы оның қозғалысын бақылап отырды.
Сириядағы Тартус базасы мен Ливияның шығысындағы Тобрук және Бенгази порттары арасындағы теңіз қатынасына келетін болсақ, ресейліктер базаны Жерорта теңізінің шығысындағы Сирияның Тартус қаласынан эвакуациялауды аяқтағаннан кейін теңіз көлігі енді Балтық теңізінен Атлант және Гибралтар арқылы Африканың солтүстік жағалауындағы Ливия порттарына барады.