Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:43, 13 Қараша 2024

БҚО-дағы газ құбырын соғып кеткен Ресей әскери техникасының жүргізушісіне айыппұл салынды

1
Фото: из открытых источников

Ресей Федерациясының азаматына әкімшілік хаттама толтырылды. 

Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында 20 қазанда болған оқиғаға қатысты әкім Нариман Төреғалиев  түсініктеме берді. Ол кезде бес әскери жүк көлігінің бірі Сайхин ауылынан өтіп бара жатқан кезде тұрғын үйлердің газ құбырына тиіп кетіп, құбырды құлата жаздаған.

"Ресей әскері полигонда оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқанда Бөкейорда ауданына қарасты аудан орталығы Сайхин арқылы өткен. Дәл сол уақытта бір апта бойы жаңбыр жауып, амалсыздан аудан орталығынан өтуге мәжбүр болды. Сайхин арқылы өткенде бір көліктің абайсызда газ құбырына тиіп кеткені белгілі болды. Бірақ газ құбырына ештеңе болған жоқ. Біздің құқық қорғау органдары осы бөлімше командирін ұстап, әкімшілік хаттама толтырды, әрине, айыппұл салды" - деген БҚО әкімі.

Әкім қанша айыппұл салынғанын нақтыламады. Қазақстанның Әкімшілік кодексіне сәйкес, көлік, жүк, жол немесе өзге де жабдықтар мен мүліктердің бүлінуіне алып келген жол ережесін бұзған жүргізушіге 20 АЕК көлемінде (қазіргі доллар бағамы бойынша шамамен 150 доллар) айыппұл салынады немесе 6 айға дейін жүргізу құқығынан айырылады.