15:05, 27 Қаңтар 2025
Ресей әскерлері Украинаға 100-ден астам дрон ұшырды
Украина қарулы күштерінің мәліметі бойынша, түнде әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері ресейлік 104 дронның 57-сін атып түсірді. Тағы 39 дрон "жоғалған".
Украина әскерилерінің мәліметінше, Киев, Николаев, Харьков, Полтава, Сумы, Днепропетровск, Хмельницкий, Житомир, Винница және Ивано-Франковск облыстарында 57 дронды атып түсірілген. Тағы 39-ы «жоғалды», - делінген хабарламада.
Ресейлік ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы нәтижесінде Днепропетровск, Сумы, Ивано-Франковск және Киев облыстарында инфрақұрылым нысандары, көпқабатты үйлер мен жеке үйлер зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен адамдар жоқ.