Ресей әуе кеңістігінде дүрбелең: 400-ге жуық рейс тоқтатылды

6 шілде, жексенбі күні Ресейдің бірнеше ірі әуежайларында 393 рейс тоқтатылып немесе ұзақ уақытқа кешіктірілді. Бұл жағдай елдің әуе қорғанысы жүйесі ел аумағы бойынша кемі 48 дронды атып түсіргенінен кейін орын алды. Ресейдің Көлік министрлігі мен Росавиация бұл шектеулер «ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында» енгізілгенін мәлімдеді.
Қандай әуежайларға әсер етті?
Мәскеу (Шереметьево)
-
171 рейс тоқтатылды
-
56 рейс 2 сағаттан астам кешіктірілді
Санкт-Петербург (Пулково)
-
90 рейс тоқтатылды
-
37 рейс кешіктірілді
Нижний Новгород (Чкалов/Стригино)
-
26 рейс тоқтатылды
-
13 рейс кешіктірілді
-
Росавиация мәліметінше, шектеу осы қалада ең ұзақ уақытқа созылған.
Сондай-ақ Иваново, Калуга, Псков, Тамбов және Ярославль қалаларының әуежайлары да уақытша рейстерге қызмет көрсетуді тоқтатты.
Дрон шабуылы: қорғаныс күшейтілді
Ресей Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 6 шілде күні таңертең әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі 8 облыс аумағында 48 дронды атып түсірген. Атап айтқанда:
-
Калуга облысы – 13 дрон
-
Брянск – 10
-
Мәскеу облысы – 9
-
Белгород – 6
-
Смоленск – 6
-
Ленинград – 2
-
Курск пен Новгород – 1 дроннан
Залал көлемі қанша?
«Коммерсантъ» газетіне сұхбат берген сарапшылардың есебінше, тек соңғы екі күнде (5–6 шілде) орын алған әуе тасымалының коллапсы авиакомпанияларға шамамен 20 миллиард рубль шығын келтіруі мүмкін.
5 шілде күні ғана Шереметьево, Пулково және Чкалов әуежайларында 250-ден астам рейс тоқтатылып, 270 рейс кешіктірілген.