Ресей Харьковке қайта соққы жасады

Харьков қаласының Холодногор ауданында БПЛА (дрон) арқылы жасалған шабуылдан кейін төрт жаңа жарылыс тіркелді.
Бұл туралы қала әкімі Игорь Терехов хабарлады.
Ресейдің Украина аймақтарына жасаған кезекті соққысы салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, 30-дан астамы жарақат алды
- Одессада дрон жаңадан салынған тұрғын үйге соғылып, күзетші көз жұмды;
- Харьковте 27 адам жараланған, оның ішінде үш бала бар;
- Сумы қаласында екі жеке үй өртеніп, тағы шамамен 20 ғимарат зақымданды. Төтенше жағдайлар қызметінің (ГСЧС) мәліметінше, екі адам қаза тауып, екі адам жараланған;
- Днепропетров облысында 1500 шаршы метр аумақтағы тұрғын үй өртеніп, үш адам жарақат алған.
Құтқарушылар зардаптарды жою жұмыстарын жалғастыруда.
Харьков әкімі Игорь Тереховтың айтуынша, жау дроны екі қабатты тұрғын үйге тікелей соғылғаны расталған. Жаңа шабуыл нәтижесінде тұрғын үйлер, шаруашылық нысандар мен көлік инфрақұрылымы қирап, автокөліктер өртенген.
Запорожье қаласына таңертең алты дрондық соққы жасалған. Облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Иван Федоров мәлімдегендей, кем дегенде 10 адам жарақат алған. Шабуылдан тұрғын үйлер, университет ғимараты және кәсіпорындар зардап шеккен.
Украина Қарулы күштерінің Сухопут әскерлері таратқан ақпаратқа сәйкес,
Харьков пен Запорожьедегі соққы нысаналары — аумақтық жинақтау орталықтары (ТЦК) болған.
Алдын ала деректер бойынша:
- Запорожьедегі ТЦК-де бір әскери қызметкер жараланған,
- Харьковтегі ТЦК-де үшеуі жарақат алған.