11:10, 29 Ақпан 2024
Ресей бензин экспорттауды тоқтатпақ
Ресей үкіметі 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бензин экспортына тыйым салуды мақұлдады.
Алты ай бойы күшінде болатын шектеу ЕАЭО елдерін, оның ішінде Қазақстанды да айналып өтеді.
Сондай-ақ, бұл тыйым Моңғолия, Өзбекстан және өзін-өзі жариялаған Абхазия мен Оңтүстік Осетияға әсер етпейді. Бұл елдерге бұрын келісілген көлемдер бойынша бензин жеткізу жалғасады.Ресейден бензин экспорттауға тыйым салу 2023 жылдың 21 қыркүйегінен 2024 жылдың 7 ақпанына дейін күшінде болды. Қазіргі жағдайдағыдай ол Қазақстанға қолданылмаған.