Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:48

 Ресей депутаты Мәскеудің саясатын сынады

Александр
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Алтай Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару реформасы қоғамда сынға ілікті. Бұл мәселе жөнінде Ил Тумен (Саха Республикасы парламенті) депутаты Александр Иванов пікір білдіріп, Мәскеудің саясатын әшкерелеп қана қоймай, түркі халықтарын бірлікке шақырды.


«Біз – хакас, долган, тува, татар, башқұрт, чуваш, әзербайжан, түркімен, өзбек, қазақ, түрік, құмық, қарашай – бәріміздің түбіміз бір. Екі жүз миллионға жетсек те, арамызды алшақтатып жібергені сонша, бір-бірімізді танымай қалдық», - деді ол.

Депутаттың сөзінше, шағын этностардың дауысы жалғыз шыққанда еленбейді, ал біріккен жағдайда ғана мүддесін қорғай алады. Ол Мәскеудің тарихты бұрмалап көрсетіп отырғанын да ашық айтты.

«Тынық мұхиттан Еділге, Қытай қорғанынан Венгрияға дейін түркілердің жері болған. Ал бүгін байлар келіп, вилла мен жол сала бастаса, оған қарсылық білдіруіміз керек», - деді депутат.

Соңғы уақытта Ресей аймақтарында Мәскеудің шешімдеріне қарсылық күшейген. Таулы Алтайда да орталықтан тағайындалатын басшылар мен олигархтардың үстемдігіне қарсы толқулар жиі болып тұрады.