Бүгін, 14:56
Ресей депутаттары мигранттардың балаларын тегін орта білім алу құқығынан айырғысы келеді

Ұсынысты ЛДПР-дан шығарылған Ярослав Нилов, «Справедливая Россия — За правду» партиясының мүшесі Яна Лантратова және КПРФ депутаты Нина Останина қолдаған. Олар «Білім туралы заңға» өзгеріс енгізуді көздейді.
Депутаттардың айтуынша, қазір Ресей мектептерінде 181 мың мигрант баласы оқиды. Олардың басым бөлігі орыс тілін жетік білмегендіктен, оқу процесінде қиналып, мұғалімдердің қосымша назарын қажет етеді. Бұл жағдай мектептерде орын тапшылығын туғызып, педагогтарға артық жүктеме салуда.
Алайда Ресей ағарту министрлігі бұл бастаманы қолдамады. Министрліктің жалпы білім беру департаментінің директоры Александр Реут мұндай шектеу Ресей Конституциясына қайшы екенін атап өтті.
Маңызды жаңалықтарды біздің telegram арнадан оқыңыз.