Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:40

Ресей Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізгісі келеді

в
Фото: worldnomadgames.kz

Ресей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы ТАСС агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері комитетінің вице-президенті Игорь Павлюк айтты.

«Бізде ойлануға уақыт бар. Ойындарды өткізу құқығына ие болмас бұрын, реттеу деңгейінде тұрған бірқатар мәселелерді шешу керек. Егер Ресейде іс-шара өткізілсе, бұл керемет болады», деді Павлюк.

Мемлекеттік Думаның ұлттар істері жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Гильмутдинов Қазақстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде «бірқатар республикалардың жоғары лауазымды тұлғалары келіп, біздің елге (Ресейге) кіру перспективаларын талқылады» деді.

2024 жылы қыркүйекте Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Жарыста Ресей құрамасы жалпы медальдар саны бойынша үшінші орынды иеленді. Ойындар екі жылда бір рет өтеді, келесі ойындарды Қырғызстан қабылдайды.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген ұлттық және этникалық спорт түрлерінен халықаралық жарыстар.