Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:04, 08 Қаңтар 2024

Ресей ғалымдары адамдарды жасартудың жолын тапты

жасарту
Фото: из открытых источников

Нижний Новгород ғалымдары адамның биологиялық жасын бес жылға қысқартатын жасару әдісін тапты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Бұл туралы Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы Алексей Никонов хабарлады.

Клиникалық зерттеу аясында 43 адам қатысып, екі аптаға санаторийге жіберілген. Онда емделушілерге теңдестірілген тамақтану, физикалық жаттығулар және физиотерапия жүргізілген.

Осы кезеңнен кейін ғалымдар әр қатысушының қан көрсеткіштерін талдап, олардың биологиялық жасының бес жылға қысқарғанын анықтады. Тәжірибе барысында аш қарынға глюкоза деңгейі мен қандағы қабыну көрсеткіштері өлшенді.

Алексей Никонов мәңгілік жастық эликсирі мен қартаюға қарсы таблеткалар әлі жоқ болса да, қартаю механизмдері мен патологиялық процестерге әсер ету арқылы салауатты ұзақ өмір сүруге әбден болатынын атап өтті. Ол сондай-ақ осы саладағы әлеуетті жолдардың бірі ретінде гендік терапияны атап өтті.