Бүгін, 16:28
Ресей газын Қытай көп алды, Еуропа артта қалды
2025 жылы «Газпром» алғаш рет Қытайға газ экспортын Еуропаға қарағанда көп жеткізді. Алдын ала деректерге сәйкес, «Сібір күші» магистральды газ құбыры арқылы Қытайға 38,8 млрд текше метр газ жөнелтілген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 24,8%-ға көп.
Нәтижесінде Қытайға бағытталған құбырлық газ Еуропа мен Түркияға жеткізілген көлемнен асып түсті.
Сонымен қатар 2025 жылы Орталық Азия мен Закавказье бағытында экспорт та өскен: Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға жеткізу 22,2%-ға, ал Грузияға 40,4%-ға артты.