Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:00

Ресей қателесіп азаматтық ұшақты атқылаған ба?

Путин
Фото: БАҚ

Антиресейлік арналарда Ресейдің әуе қорғаныс жүйелері (ПВО) Минскіден Мәскеуге бет алған «Аэрофлоттың» AFL1845 рейсін украин ұшағы деп қателесіп, соққы жасады деген жалған ақпарат таратылып жатыр.

Невзоровтың айтуынша, оқиға 11 шілдеге қараған түні сағат 00:20-да болған. Борт Минскіден Мәскеуге бет алған және қону кезінде әуе қорғанысы кешенінің шабуылынан зақым алған. Журналист төтенше жағдай туралы айтқан және аудиожазбаны ұсынған өзінің аты аталмаған дереккөздеріне сілтеме жасады. Жазбада ер адам (ұшақ экипажы) әскерилерге жолаушылар ұшағы екенін ескертіп, бірнеше рет қайталайды.

– Борттың ұшқышы баяндайды. Азаматтық маршрут. Рұқсат алынды. Бізге қарсы әуе қорғанысы жұмыс істеп жатыр. Қайталап айтамын, әуе қорғанысы азаматтық бортқа оқ жаудырып жатыр. Бұл нысана емес. Мұнда адамдар бар. Қайталап айтамын, азаматтық бортты дрон екен деп қалды. Эшелон сақталды. Маршрут бекітілді. Біз оқ астында қалдық, - дейді аудио жазбадағы дауыс.

Бірақ lapsha.media бұл ақпаратты жоққа шығарды. Шын мәнінде, ұшақ еш қиындықсыз Шереметьево әуежайына қонған. Рейс жолаушылары ұшу кезінде ешқандай төтенше жағдай туралы хабарламаған, сондай-ақ мұндай ақпарат БАҚ-та да жоқ.

Антиресейлік күштер бұл өтірік оқиғаны әдейі ойлап тауып, ел ішінде үрей тудыруды және азаматтық авиацияның беделін түсіруді көздеген.

Жалған ақпаратты жариялаған жазбада аудиожазба тіркелген. Онда ұшақ командирі: «борт командирі байланыста» дейді. Бірақ бұл белгіленген хаттамаға сәйкес келмейді. Әдетте командир әуелі рейстің шақыру нөмірін атайды (бұл жағдайда – 1845). Бұл ақпаратсыз диспетчер бірден жауап бере алмайды, себебі ол бірнеше бортпен қатар жұмыс істейді.

Сонымен қатар диспетчер бұл рейстің азаматтық екенін біледі, сондықтан аудиодағы «бұл – азаматтық рейс» деген сөз мағынасыз. Тағы бір күмәнді жайт – ұшқыш әуе трассасын немесе биіктікті өзгертуді сұрамайды, бірақ сонымен қатар «рұқсат алынды» деп айтады. Ал нақты өмірде қонуға рұқсатты тек диспетчер береді.

Одан бөлек, жазбадағы ұшқыштың дауысы қауіпті жағдайда тұрған адамға тән емес – сабырлы әрі жайбарақат.

Бұған дейін де «Лапша Медиа» кейбір аймақ басшыларының дипфейктері арқылы таратылған фейктерді жоққа шығарған. Онда ұшақтардың әр 100-інен 3-іне дрон тиіп жатыр деген жалған ақпарат таратылған болатын.

Тегтер: