Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:05

Ресей қазақстандық астықты қабылдауға тыйым салды

а
Фото: eldala.kz
Россельхознадзор Ресей Федерациясының аумағына қазақстандық бидай, жасымық, зығыр тұқымы және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салды.

«Ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет 2024 жылғы 17 қазаннан бастап Ресей Федерациясының аумағына Қазақстан Республикасынан бидай (жұмсақ және қатты), жасымық, майлы зығыр әкелуге уақытша шектеулер енгізсін. Қазақстан тарапы фитосанитариялық сертификаттармен тікелей түпкілікті межелі елге ресімделуге және теміржол вагондарынан тікелей кеме трюмдеріне Қазақстаннан шыққан астықты ауыстырып тиеуге жататын астық транзитін қоспағанда», - делінген Vlast.kz жариялаған Россельхознадзор шешімінде.

Сонымен қатар, үшінші елдерден егіс үшін жаңа қауын, қызанақ, бұрыш, күнбағыс тұқымдарын әкелуге тыйым салынды. Құжатта шешімнің қолданылу мерзімі аяқталмай, 2024 жылдың 17 қазанында күшіне енетіні айтылған.

Бұған дейін 23 қыркүйектен бастап Ресей өз аумағы арқылы қазақстандық астық пен бірқатар ауылшаруашылық өнімдерінің транзитіне біржақты шектеулер енгізгенін хабарлаған.

Тегтер: