Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:47, 17 Мамыр 2024

Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» кешеніндегі 234 нысанды қайтарады

d
Фото: из открытых источников

Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» кешеніндегі 234 нысанды қайтарады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Бектеновтың айтуынша, аэро ғарыш саласына инвестициялар тарту үшін инвесторлардың «Байқоңыр» кешенінің объектілеріне баруы ұйымдастырылмақ.

2022 жылғы 2 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының хаттамасын орындау шеңберінде Ресей тарапы жалға алушылар құрамынан шығаруға ұсынылатын 234 объектінің тізбесін ұсынды. Олардың базасында 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын құра отырып, өндірістерді ұйымдастыру жоспарлануда, делінген Үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар, ол «Байқоңыр» ғарыш айлағының ұшыру алаңдарын жаңғырту мақсатында «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің объектілерін жаңғыртуды көздейтін «Бәйтерек» жобасы іске асырылып жатқанын айтты. Ал, Қазақстан мен Ресей бірлесіп, «Бәйтерек» зымыран кешенінен алғашқы ұшыруды 2025 жылға жоспарлап отыр.

Айта кетейік, ғарыш саласындағы ғылыми бағдарламаны іске асыруға 2023 – 2024 жылдары  908,8 млн теңге бөлінді, ал, 2025 – 2027 жылдарға тағы 2,8 млрд теңгеге бюджеттік өтінім берілген.

Фото: gov.kz

Тегтер: