Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:10, 12 Сәуір 2025

Ресей Киев пен Харьковке дрондармен шабуыл жасады: зардап шеккендер бар

1
Фото: Ukraine's State Emergency Service/AFP

2025 жылғы 12 сәуірге қараған түні Ресей әскерилері Украина астанасы Киев пен Харьков қаласына дрондармен шабуыл жасады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуыл салдарынан өрт шығып, бірнеше адам жарақат алды.

Киев қаласының әскери әкімшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, дрон шабуылы кезінде Святошин және Дарницкий аудандарында пилотсыз ұшақтардың сынықтары түсіп, өрт шыққан. Шабуылдан жеке үйлер мен коммерциялық нысандар зардап шекті. Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жетіп, өртті сөндіру және құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Киев мэрі Виталий Кличконың айтуынша, Святошин ауданында екі адам жарақат алған, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Ресейлік "Shahed" типіндегі дрондармен түнде Харьков қаласына да соққы жасалды. Облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Олег Синегубов қаланың бірнеше бөлігінде жарылыстар тіркелгенін хабарлады.

Харьков мэрі Игор Тереховтың сөзінше, қалаға үш дрон соққы берген, олардың екеуі Немышлян ауданында жарылған. Шабуыл салдарынан бір тұрғын жарақат алған.

"Оның жағдайы ауыр емес", — деді қала басшысы.

Тегтер: