Ресей Киевке әуе шабуылдарын жасады
11 желтоқсанда Ресей әскері Киевке әуе шабуылдарын жасап, атқылады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Украина қарулы күштерінің мәліметінше, ел астанасына бірнеше зымыран түскен. Салдарынан Киев мэриясының мәліметіне қарағанда, әуе шабуылынан 4 адам жарақат алған.
Қазір Батыс елдерінің коалициясында Украинаны әрі қарай қолдау мәселесі күн тәртібінде тұр. АҚШ Конгресі президент Джозеф Байденнің тағы бірнеше бастамасын қолдамай, кері қайтарды. Оның ішінде Украинаға қаржылай көмек көрсету мәселесі бар. Ал НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг егер ұйым Ресейге бірігіп қарсы тұрмаса, ертең РФ әскері Солтүстік Альянс елдеріне де қауіп төндіретінін ескертті.
Ал Германияның канцлері Олаф Шольц барлығы бірдей Украинаға көмек көрсетуді азайтса да, ГФР Украинаны қолдауды бір сәтке тоқтатпайтынын мәлімдеп, соғыстың жақын арада бітпейтінін де жасырмады.