Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:55, 24 Қараша 2023

Ресей Қытай компанияларымен бірігіп Қырым көпірінің астына туннель салмақ

туннель
Фото: из открытых источников

Ресей аннексияланған Қырыммен жалғайтын және Украина шабуылынан қорғайтын суасты туннелін салу бойынша Қытай кәсіпкерлерімен жасырын келіссөз жүргізіп жатыр. 

Азаттықтың жазуынша, бұл ақпаратқа Украинаның барлау агенттіктері қол жеткізген.

Басылымның есептеуінше, мұндай ірі жобаға миллиардтаған доллар керек және оны салуға бірнеше жыл кетуі мүмкін.

Басылым соғыс аймағында бұған дейін мұндай жобалар жүзеге асырылмаған дейді.

Пекин Ресейдің Қырымды аннексиялағанын мойындаған жоқ. Егер Қытай компаниялары туннель салуға атсалысса, Батыс санкциясына ілігуі мүмкін.

Украинада соғыс басталғалы Қырым көпірінде кемі екі рет — 2022 жылғы 8 қазанда және 2023 жылы 17 шілдеде жарылыс болды.