Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:10

Ресей Қытайға газ жеткізетін құбырды Қазақстан арқылы тартуды қарастырып жатыр

Тоқаев, Путин, Цзиньпин
Фото: ашық дереккөз

Ресей Қытайға газ жеткізетін «Сібір күші-2» құбырын Қазақстан аумағы арқылы өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұған дейін жоба Моңғолия арқылы жүргізіледі деп жоспарланған болатын.

Энергетика министрінің айтуынша, егер құбыр Қазақстан арқылы өтсе, ел аумағында кемінде 10 млрд текше метр газ қалуы ықтимал. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықты азайтып, транзиттен қосымша табыс табуға және газ инфрақұрылымын дамытуға жол ашуы мүмкін.

"Ресей газ құбырын Қазақстан арқылы тарту нұсқасын байыппен қарастырып жатқанын білемін, өйткені бұл оларға газ тұтынуды қосымша арттыруға мүмкіндік береді. Біз Қытайға тасымалданатын қосымша 35 млрд текше метр газ туралы айтып отырмыз, сондай-ақ кемінде 10 млрд текше метр газ республика аумағында қалуы мүмкін", - деді министр.

Ақкенженов Энергетика министрлігінің өз кезегінде саяси бағалаудан бас тартатынын, негізгі назарды экономикалық құрамдас бөлікке аударатынын атап өтті. Ведомство басшысының айтуынша, жоба Қазақстан арқылы жүзеге асқан жағдайда оның экономикалық тиімділігі күмән тудырмайды және бұл газ тасымалдау көлемінің артуымен, сондай-ақ елдің транзиттік әлеуетінің күшеюімен тікелей байланысты.

Айта кетейік, «Сібір күші – 2» – Батыс Сібірдегі газ кен орындарын Қытаймен жалғайтын жобаланған магистральды газ құбыры. Оның өткізу қуаты жылына 50 млрд текше метрге дейін газды құрайды. Магистральдың жобалау жұмыстары 2020 жылдың қыркүйегінде басталған.