Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:12

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Торецк қаласын басып алғанын хабарлады

Торецк
Фото: Patrol Police of Ukraine/REUTERS

Ресей әскерлері Донецк облысы Бахмут ауданындағы Торецк қаласын басып алды, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігі.

Ресей қорғаныс министрлігі  Ресей әскерлерінің Донецк облысындағы шабуылы кезінде Украинаның Бахмут ауданындағы Торецк қаласын басып алғанын хабарлады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қала үшін бес айға созылған шайқаста Украина қарулы күштері 26 мыңнан астам сарбазынан және 600-ге жуық әскери техникасынан айырылған. Бұл ретте Ресей Қорғаныс министрлігі «Торецк агломерациясының» құрамына кіретін елді мекендер үшін күрес әлі де жалғасып жатқанын атап өтті.

Дегенмен, Украина Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Торецк үшін шайқас жалғасып жатыр. «Хортыця» жедел-стратегиялық күштері тобының өкілі Назар Волошин РБК-Украинаға қазір қаладағы ұрыс жүріп жатқанын айтты. 

Украинаның DeepState әскери жобасының мәліметінше, қазір Забалка төңірегінде, сондай-ақ Торецкінің солтүстік және батыс шетінде ұрыс жүріп жатыр. «Қала орталығы толығымен дерлік жаудың бақылауында», - деп атап өтті жоба авторлары. DeepState сондай-ақ украиндықтар өздерінің ресми дереккөздеріне сенімсіздік танытқандықтан «жау ақпаратын қабылдауға» мәжбүр болды деп мәлімдеді. 

Тегтер: