Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:20

Ресей Мемдумасы «шетел агенті» туралы заңды қайта қатаңдатпақ

Госдума РФ
Фото: Госдума РФ

2025 жылғы 15 шілдеде Ресей Мемлекеттік Думасы «шетелдік агенттерге» (иноагенттерге) қатысты заңнаманы қатайтуға бағытталған заң жобасын алғашқы оқылымда қабылдады.

Құжат енді шетел агенті мәртебесін алған азаматтарға қатысты бірінші әкімшілік құқықбұзушылықтан кейін-ақ қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік береді. Бұған дейін заң бойынша тек жыл ішінде екі рет құқық бұзған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын.

Екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі

Заң жобасы Ресей Қылмыстық кодексінің 330.1-бабының 1 және 2-бөліктеріне өзгеріс енгізуді көздейді. Яғни «шетел агенті» өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Заң жобасын 342 депутат қолдап, тек біреуі қарсы дауыс берген. Бұл бастаманы Мемдумадағы Қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес жөніндегі комитеттің төрағасы Василий Пискарев ұсынған.

Пискаревтің сөзінше, 2023 жылдан бері «шетел агенті» туралы әкімшілік бап бойынша 1620 іс қозғалған. Ал Ресей Әділет министрлігінің мәліметінше, шетел агенті тізімінде қазір 803 адам тіркелген. Министрлік олардың 40%-дан астамы заң талаптарын орындамай отыр деп мәлімдеді.

Заң жобасын әзірлеген топтың айтуынша, қолданыстағы ереже «қоғамдық қауіпсіздікті толық қамтамасыз етпейді». Сондықтан заңды бұзған «иноагенттерге» қатысты бірден қылмыстық іс қозғауға рұқсат беру қауіпсіздік мақсатында қажет делінген.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл заң Ресейде азаматтық қоғамға, тәуелсіз журналистика мен адам құқықтарын қорғаушыларға қысымды одан әрі арттырады деп есептейді. Себебі «шетел агенті» деген мәртебе кез келген қоғамдық белсендіге немесе тәуелсіз ұйымға таңылуы мүмкін.

Тегтер: