Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:10

Ресей мен Иран Қытай нарығындағы мұнай үшін экономикалық соғысты бастады

Иран мен Ресей
Фото: ашық дереккөз

Үндістанға мұнай экспорты күрт азайған Ресей қазір Қытайға қара алтын жеткізуге Иран компанияларымен бәсекеге түсті.

 Bloomberg агенттігіне сілтеме жасаған трейдерлер мәліметінше, екі ел де қытайлық сатып алушылар үшін бағаны төмендетіп, жеңілдіктер ұсынып отыр.

Теңізде ресейлік мұнайдың жиналып қалуының әсерінен кейбір партиялар Қытайға бағытталды. Бұған дейін Иран Қытайдағы жеке мұнай өңдеу зауыттарының негізгі жеткізушісі болып келген.

Трейдерлердің айтуынша, Ресейдің Urals маркалы мұнайы Brent-тен барреліне шамамен 12 долларға арзандатылған, ал қаңтарда бұл айырмашылық 10 доллар болған. Иранның Iranian Light мұнайы Brent-тен 11 доллар төмен бағамен ұсынылса, желтоқсанда баға айырмашылығы 8-9 доллар шамасында болған.

Bloomberg дерегі бойынша, Қытайдағы жеке мұнай өңдеу зауыттарының қуаты шектеулі және ол елдің жалпы мұнай өңдеу қуатының төрттен бір бөлігін ғана құрайды. Сонымен қатар олар ҚХР үкіметінің импорттық квоталарына бағынады.