Бүгін, 16:57
Ресей мен Қазақстан шекарасында Украинадан әкелінген бір тонна шоколад тәркіленді
Алтай кеденінің жылжымалы тобы Ресейге Қазақстан арқылы әкелінген 714 килограмм украиналық шоколадтың заңсыз тасымалын тоқтатты.
Кеден қызметкерлері Ресейге бағыт алған жүк көлігін тексеру кезінде оның жүк бөлігінен Украинадағы кондитерлік фабрикада өндірілген 372 қорап плиткалы шоколад тапқан.
Ресей заңнамасына сәйкес, мұндай өнімге санкциялық шектеулер қойылған және оны ел аумағына әкелуге тыйым салынған.
Тәркіленген тауар мен көлік кері қайтарылды. Қазіргі уақытта Ресейдің Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 16.3-бабы — «Тыйым салулар мен шектеулерді сақтамау» бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.