Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:33, 24 Тамыз 2025

Ресей мен Украина тағы да тұтқындар алмасты

11
Фото: скриншот

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 24 тамыз күні Мәскеу мен Киев әскери тұтқындарды «146-ға 146» формуласы бойынша алмастырған. 

Украина тарапы әзірге бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, әскери тұтқындардан бөлек Курск облысының сегіз азаматы да қайтарылды. Сонымен қатар ведомство бұл алмасуға Біріккен Араб Әмірліктері делдалдық жасағанын атап өтті.

Бұған дейінгі келісімдер

2 маусымда Ыстамбұлда өткен келіссөздерде Ресей мен Украина ауыр жарақат алған сарбаздарды, 25 жасқа дейінгі тұтқындарды алмастыру және соғыста қаза тапқан 6000 сарбаздың мүрделерін бір-біріне тапсыру жөнінде уағдаласқан еді.

14 тамызда тараптар тағы бір алмасу жүргізіп, «84-ке 84» формуласы бойынша әскери және бейбіт тұтқындарды босатты. Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, елге оралғандар арасында 2014, 2016 және 2017 жылдары ұсталған азаматтар да бар. Сондай-ақ, босатылғандардың ішінде Мариупольді қорғаған әскерилер болған.

Зеленский шілде айының соңында соғыс басталғалы бері Ресейдің тұтқынынан 5857 украиналық елге қайтарылғанын мәлімдеді. Оның ішінде 555 адам ешқандай алмасусыз босатылған.

Тегтер: