Ресей мұнайын Қытайға бұрынғыдан да төмен бағамен сатады
Үндістан АҚШ қысымынан кейін ресейлік мұнайды сатып алудан бас тартқаннан соң, бұрын Үндістанға жіберілетін мұнай партиялары Қытай нарығына бағытталған. Бұл ресейлік жеткізушілерді бағаны айтарлықтай төмендетуге мәжбүр еткен.
Сарапшылардың айтуынша, Ресей мұнайын Қытайға барреліне шамамен 9% жеңілдікпен ұсынып отыр. Бұған дейін жеңілдік мөлшері 7–8 доллар деңгейінде болған, ал қазір ол одан да жоғары. Әсіресе Urals маркасына қосымша жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін.
Қытайлық сатып алушылар жағдайды өз пайдасына пайдаланып, кейбір компаниялар иран мұнайын қысқартып, ресейлік шикізатқа басымдық беруде. Алайда қоймалар толып жатқандықтан, наурыздан бастап Ресейден теңіз арқылы жеткізілетін мұнай көлемі азаюы ықтимал.
Айта кету керек, жеңілдіктер тасымал шығындары қосылған импорт бағаға қатысты есептелген. Ал Ресей айлақтарында экспортқа шығарылатын мұнайдың құны одан да төмен болып, нақты жеңілдіктер орта есеппен барреліне 20–30 доллар шамасында.