Ресей Навальныйдың соңғы үкімін күшінде қалдырды

Жоғарғы сот Алексей Навальныйдың 19 жыл жазасын ерекше режимдегі колонияда өтеуі тиіс деген үкіміне қарсы кассациялық шағымын қанағаттандырмады.
Навальный 2023 жылы 4 тамызда экстремистік қоғамдастық ісі бойынша 19 жылға сотталған. 26 қыркүйекте бұл үкім апелляциялық сотта расталды.
Навальныймен бірге оның YouTube арнасының техникалық директоры Даниэль Холодный да сотталды. Оның сегіз жыл жалпы режимдегі колонияда өтеу мерзімі де өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлады Жоғарғы сот.
Навальный жазаны экстремистік қоғамдастық ісі бойынша Владимир облысындағы колонияда болған кезде алды. 2023 жылдың желтоқсанында ол Ямалдағы ерекше режимдегі колонияға ауыстырылды.
Ал, 2024 жылдың 16 ақпанында саясаткер 47 жасында қайтыс болды. Навальныйдың серіктестері оның өлтірілгеніне сенімді.