Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:37, 16 Қазан 2024

Ресей осы он жылдықтың соңына қарай НАТО-мен соғыс бастауы мүмкін - Бруно Каль

п
Фото: EPA

Ресей осы онжылдықтың соңына дейін НАТО-ға шабуыл жасауы мүмкін. Бұл туралы Германияның барлау және қарсы барлау қызметінің басшысы Бруно Каль мәлімдеді, деп жазады Euronews. 

Неміс барлаушыларының айтуынша, Ресей билігі Германияны жау деп санайды, өйткені Германия – Украинаға көмек көрсету көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші ел. Бұдан бөлек, Бруно Кальдің айтуынша, Владимир Путин үшін мәселе тек Украинада емес, «жаңа әлемдік тәртіпті» құруда болып отыр.

Барлау ведомствасының басшысы Ресей тарапынан гибридті шабуылдарға қарсы тұру үшін арнайы қызметтердің өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтуге шақырды. Оның айтуынша, бұл шабуылдар барған сайын күшейіп, көп ресурстарды пайдалануда, ал одан әрі шиеленісу мүмкіндігі де жоғары.

Алайда, аталған мәлімдемені Кремль жоққа шығарады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәлімдемені «дұрыс емес, қисынсыз және тарихтың ағымына қайшы» деп атады.