Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:43

Ресей премьер-министрі Мишустин жақын күндері Қазақстанға келеді

Мишустин
Фото: ашық дереккөз

Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин 25-27 наурыз аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.

Ресей үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында Астанада өтетін Қазақстан–Ресей келіссөздерінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Келіссөздер барысында энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік инфрақұрылымы салаларындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударылмақ.

Сонымен қатар, Михаил Мишустин 26-27 наурыз күндері Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады.

Бұдан бөлек, ол Digital Qazaqstan 2026 цифрлық форумында сөз сөйлеуі жоспарланған.

Тегтер: