Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:40, 12 Қазан 2023

Ресей президенті Путин Жапаровты Құрмет орденімен марапаттады

Путин
Фото: из открытых источников

Путин Жапаровты қарым қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін Құрмет орденімен марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет орденімен марапаттады. Тиісті құжат құқықтық актілерді ресми жариялау сайтында орналастырылған.

"Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуға, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық процестерді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасының Президенті Жапаров Садыр Нұрғожоұлы Құрмет орденімен марапатталсын", - делінген құжатта.