Ресей Соловьевтің Орталық Азия туралы айтқанына қатысты мәлімдеме жасады
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова журналист Владимир Соловьевтің Армения мен Орталық Азияға қатысты пікірін ресми позиция деп қарауға болмайтынын айтты.
Ол бұл сөздерді Соловьевтің жеке ойы ретінде бағалады және Мәскеудің ресми ұстанымы ретінде қарастырылмайтынын атап өтті.
Захарова журналистің сөзін сұрақ ретінде айтылғанын және кейбір сарапшылар оны ресми позиция ретінде түсіндіріп, мәселені ушықтырғанын айтты. Оның сөзінше, ресми мәлімдемелерді тек сыртқы істер министрлігінің немесе басқа ресми өкілдердің өзі жариялай алады.
Бұл мәлімдеме Соловьевтің 10 қаңтарда «Соловьев Live» хабарында Армения мен Орталық Азияны Ресейдің ықпал аймағы деп атаған, әрі қажет болса арнайы әскери операция бастауға болады деген пікірінен кейін жасалды. Бұл сөздер ресейлік және халықаралық БАҚ-та қызу талқыланған.