Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:40, 24 Желтоқсан 2024

Ресей соты америкалықты тыңшылық жасағаны үшін 15 жылға соттады

Сот үкімі
Фото: из открытых источников

«Медполимерпром» тобының директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы, тыңшылық жасағаны үшін 15 жылға сотталған Джин Спектор жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп, 14 миллион рубль айыппұл төлеуі тиіс.

Мәскеу қалалық соты қатерлі ісікке қарсы препараттарға мамандандырылған «Медполимерпром» тобының директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Джин (Евгений) Спекторды тыңшылық жасағаны үшін қатаң режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, Ресей және Америка азаматтығын алған Спектор 14 миллион рубль айыппұл төлеуге міндетті.

Ресей сотының шешімі бойынша, жаза бұрынғы үкіммен қатар тағайындалды, оған сәйкес Джин Спектор РФ бұрынғы вице-премьерінің бұрынғы көмекшісі Анастасия Алексееваға пара бергені үшін делдалдық жасағаны үшін айыпты деп танылды.  2023 жылдың сәуірінде Алексеева пара алғаны үшін жалпы режимдегі колонияда 12 жылға бас бостандығынан айырылды және 75 миллион рубль айыппұл төледі.

Тегтер: