Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:46

Ресей тапшылыққа байланысты жанармай сатуды шектей бастады

Бензин қымбаттайды
Фото: из открытых источников

Ресейдің бірқатар аймақтарында автокөлік жанармай құю стансалары (АЗС) жанармайды шектеулі көлемде сатып жатыр.

Бұл туралы «Известия» басылымы хабарлады.

Әр жүргізушіге – 10-20 литр

Независимый топливный союз (НТС) президенті Павел Баженовтың айтуынша, бір айдан астам уақыт бойы елдің әртүрлі өңірлерінде жанармай тапшылығы мен жеткізілімдердегі іркілістер туралы хабарламалар түсіп жатыр.

«Кейбір желілер жергілікті тапшылық жағдайында жұмысын жалғастырып отыр. Олар уақытша жабылып қалмас үшін әр келушіге 10-20 литрден артық жанармай бермеу жөнінде шектеу енгізуге мәжбүр болды», – дейді ол.

Негізгі себеп – маусымдық сұраныстың артуы мен мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты өндірістің төмендеуі.

Халықаралық экономикалық байланыстар институтының оқытушысы Лариса Циканованың айтуынша, қазан айында Ресейде жанармай бағасы тағы көтеріледі:

  • АИ-92 – 2-4%-ға қымбаттап, литрі 60-62 рубль болады.

  • АИ-95 – 3-5%-ға өсіп, литрі орта есеппен 65-68 рубльге жетеді.

Жылдық есеп бойынша өсім бұдан да жоғары: өткен жылдың қазанымен салыстырғанда АИ-92 бағасы шамамен 8–9%-ға, ал АИ-95 – 10–12%-ға қымбаттаған. Экономист мұны мұнай өнімдерінің ішкі нарықта қымбаттауымен, логистикалық шығындармен және экспорттың тартымдылығымен түсіндірді. 

Айта кетейік, бұған дейін де Ресейдегі жанармай бекеттерінде кезекте тұрған көліктердің видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.