Ресей Украина бейбітшілік саммитіне қатыспайтынын мәлімдеді
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Владимир Зеленскийдің екінші бейбітшілік саммитіне дайындық туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.
Ресей Украина бойынша екінші бейбітшілік саммитіне қатыспайды, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Захарова ресейлік өкілдердің саммитке «қатыспағанын және қатыспайтынын» айтып, оны «англосаксондар мен олардың украиндық қуыршақтарының алдау әрекеті» деп атады.
Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Владимир Зеленский Украинаның жеңіс жоспары бойынша жұмысының бір бөлігі ретінде Ресеймен «кез келген форматта сөйлесу» үшін үш тармақты дайындап қойғанын айтты.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Украинаның барлық одақтастары Киевтің Ресейді 2024 жылдың соңына дейін өтетін екінші бейбітшілік саммитіне шақыру ниетімен келіскен.
Биыл маусымда өткен Украинаға қатысты бірінші бейбітшілік саммитіне Ресей қатысқан жоқ.