Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:07

Ресей Украинадан 6 мың шаршы шақырым жерді талап етуде – Вэнс

Путин
Фото: ЖИ

АҚШ вице-президенті Джеймс Вэнстің айтуынша, Ресей Украинаға жаңа аумақтық талаптар қойып отыр. Оның сөзінше, Мәскеу Киевтің бақылауындағы шамамен 6 мың шаршы шақырым жерге дәмелі.

Вэнс бұл туралы One America News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Ресейліктер шамамен 6 мың шаршы шақырым аумақты алғысы келеді, олар бұл жерді әлі әскери жолмен басып алған жоқ. Бірақ дәл осыны талап етіп отыр», – деді АҚШ вице-президенті.

Сонымен қатар ол президент Дональд Трамп егер Украинадағы қақтығыс шешілсе, Ресеймен экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниетті екенін атап өтті.

«Ресей сізге ұнай ма, жоқ па, олардың дәлелдерімен келісесіз бе, жоқ па – маңызды емес. Нақты факт бар: оларда көп мұнай, көп газ, мол минералды ресурстар бар», – деді Вэнс.

Мәскеудің басқа шарттары

Бұған дейін Кремль Украинанаға талаптарын қойған еді:

  • 2022 жылы аннексияланған аумақтардан әскерін шығару;

  • НАТО-ға мүше болудан бас тарту;

  • Қырымды Ресейдің аумағы ретінде мойындау.

Ресей бұл шарттар қабылданбаса, әскери әрекеттерді жалғастыратынын мәлімдеген.