Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:44, 15 Тамыз 2024

Ресей Украинадан әскерінің бір бөлігін шығарады - WSJ

d
Фото: delfi.lv

Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы шабуылына байланысты Ресей Украинадан әскерінің бір бөлігін шығарады. Бұл уралы The Wall Street Journal мәлімдеді.

WSJ дереккөзі Ресейдің Украина территорияларынан шығарылатын әскерлерінің санын нақтыламады. Сондай-ақ әскерлердің қай бағыттан тасымалданып жатқаны да айтылмаған. 

Бір күн бұрын Украина Қарулы Күштерінің Бас штабындағы дереккөз The Economist басылымына Ресей Украина әскерлерінің Курск облысындағы шабуылына байланысты майданның Харьков бағытынан әскерін шығарып жатқанын, бірақ «сондай жылдамдықпен» емес екенін мәлімдеген.

Басылым Ресей өз әскерінің бір бөлігін Харьков бағытынан қайта орналастырғанын, бірақ Донбасс аймағындағы майданнан әлдеқайда аз әскерін кері қайтарғанын атап өтеді.

The Wall Street Journal ресейлік әскерлердің Украина территорияларынан шығарылуы туралы хабарды "Украина қарулы күштерінің Курск аймағына басып кіруі Мәскеуді ресурстарды қайта бөлуге мәжбүрлеп отырған алғашқы белгі" деп атайды.